«Атырау қаласы құрылыс бөлімі» ММ бастығы Жұмашбаев пен оның орынбасары Қайыров, сондай-ақ құрылыс-жөндеу жұмыстарымен айналысатын ЖШС басшыларының бірі қалалық ІІБ УҰИ-ға қамалды. Оларға ірі көлемде мемлекеттік қаражатты иеленген немесе жұмсаған, сондай-ақ алдын ала тұлғалар тобымен сөз байласу арқылы пара алған деген күдік тағылды. Сонымен бірге орта мектепке құрылысты аудиторлық тексеру барысында оны салу кезіндегі теріс пайдалану фактілерін анықтады», — деп хабарлады Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінен.